Өскеменде қар тоқтаусыз жауып жатыр

384
көрілім

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, соңғы тәулікте Өскеменде айлық қар мөлшерінің 42 пайызға жуығы түскен. Тоқтамастан жауған қардың биіктігі 25 сантиметрге жетті.


- Коммуналдық қызметтер демалмастан тәулік бойы жұмыс істеуде. Қар тазалауға 100-ден астам техника мен 200-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған, - делінген мәліметте.
Қала тұрғындарынан қар тазалауға кедергі келтірмеу үшін көліктерін жол жиегіне қоймауды сұрайды.