Өскеменде қашан жәрмеңке болады?

294
көрілім

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы әр сенбіде өтетін жәрмеңкеге қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соған сәйкес Өскемендегі «ТНП» дүкені көлік тұрағында (Сәтпаев даңғылы, 39 мекенжайы) әзірге жәрмеңке болмайды. Басқарма өкілдері бұған ауа райының бұзылып, жолдардың жабылуы себеп болғанын жеткізді. Жаңа кесте ақпан айында бекітіліп, қаңтар айының соңында анық-қанығын қосымша хабарлайды.
Еске сала кетейік, соңғы рет, яғни желтоқсан айының 30-ы күні Ұлан ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынған еді.