Өскеменде көлік қозғалысына кедергі келтірген әйел жауапқа тартылды

189
көрілім
Фотосурет top-news.kz сайтынан

Қала тұрғыны Абай даңғылы бойындағы Б.Александров атындағы спорт сарайының аумағында жол жиегіне шығып, оғаш мінез көрсеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға қаңтар айының 31-і күні түс ауа болған.
- 26 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі (жаяу жүргiншiлердiң жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді қала тұрғыны 2 АЕК (7384 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қымбат МУХАМАДИЕВА