Өскеменде құтқарушылар төртінші қабат биіктігіндегі марғауды құтқарды

240
көрілім

Өскемендіктер үй жануарын қатерден аман алып қалған құтқарушыларға алғыс білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Е.П.Славский атындағы жағалау көшесінің тұрғындары құтқарушылардан көмек сұрады. Мысық ағашқа шығып, жарты күндей түсе алмағаннын көрген жаңашыр адамдар «112»-ге хабар берген.
Оқиға орнына ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы келді. Дәулет Нұрсұлтанов ағашқа өрмелеп шығып, әріптесі Арнат Қасенов екеуі марғауды аман-есен иесінің қолына тапсырды.