Өскеменде сенбі күні жәрмеңке өтеді

727
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеде Өскемен қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қаңтар айының 14-і күні сағат 8:00-де басталады.

Ауыл шаруашылығы басқармасындағылар ауа райының бұзылуына қарай кестеде өзгеріс болуы мүмкін дейді.