Өскеменде «Шырша» жедел алдын алу шарасы өтеді

309
көрілім

Өскемен қаласында ағымдағы жылдың 17-31 желтоқсан аралығында «Шырша» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бұл іс-шара шыршаны кесуді, сатуды анықтауға және қылмыстық алдын алуға бағытталған. Өскемен қалалық Полиция басқармасы экология бөлімінің инспекторлары күн сайын облыс орталығында тексеру жүргізетін болады.

- Ағымдағы жылдың 17-31 желтоқсан аралығында жедел алдын алу шарасында 6 адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386 бабына сәйкес (жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағиаларын бұзу) 17 әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ 11 адам анықталмаған жерлерде сауда саттық жасағаны үшін 204-бабының 1- бөліміне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - дейді Өскемен қалалық Полиция басқармасы экология бөлімінің аға инспекторы Дархан Айтқазин.