Өскеменде Суретшілер Одағының мүшелері Ержан Тұрғанбав пен Гүлнәр Бекбердінованың көрмесі ашылды

265
көрілім

Өскемендегі Орталық қалалық кітапхананың қонақжайында Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері Ержан Тұрғанбаев пен Гүлнәр Бекбердінованың көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеде кіші отанның қарапайым сұлулығын ашатын лирикалық ауыл пейзаждары ұсынылды. Ержан Тұрғанбаевтың жұмыстары – суретшінің өзінің туып-өскен жері Марқакөлдің пейзаждары, ауылдастарының үйлерінің жайлы және ерекше интерьерлері, туған өлкенің табиғаты. Суретшілердің шығармашылықтағы негізгі жетістіктері – сюжеттік жұмыстар, мұнда қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті айрықша көрініс табады. Ауылдастардың тұрмысы туралы қарапайым сюжет терең мағынаға ие. Автор өз шығармаларындағы кейіперлердің тағдырына алаңдайды. Кенеп матасы арқылы ол сюжет кейіпкерлерінің болашағына көз тастайды. Әйелдің бейнесін (жер-Ана) суретші Гүлнәр Бекбердінова өмірдің бастауыменн, табиғаттың оянуымен теңдестіреді.

Бұл іс-шара Елбасы Н.Назарбаевтың Бағдарламалық мақаласы — «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында ұйымдстырылған. Көрме 30 қарашаға дейін жұмыс істейді және оған кез келген адам бара алады. Өскемен Орталық қалалық кітапханасының мекен-жайы: Е.П.Славский атындағы жағалау, 22.