Өскеменде «туристер» қонақүйде техникалық қызмет көрсетуші болып жұмыс істеген

393
көрілім

Тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында заң бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Көші-қон қызметінің мамандары Қазақстанға турист ретінде келген, бірақ Өскемендегі қонақүйлердің бірінде техникалық қызметкер болып жұмыс істеген төрт шетел азаматын анықтады», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмыс беруші де жауапкершілікке тартылады – оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.