Өскеменде ұры кір жуғыш машинаны балкон арқылы алып шыққан

380
көрілім

Заңбұзушы үй иелері пәтерде болмаған кезде техниканы ұрлап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зейнеткер әйел тәртіп сақшыларына қоңырау шалып, белгісіз біреулер үйге балкон арқылы кіріп «Electrolux» маркалы кір жуғыш машинасын алып кеткендігін айтқан. Оқиға Белинский көшесінде болды.

Дереу ізге түскен полиция қызметкерлері 48 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті кінәсін толық мойындаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.