Өскемендегі кезекші ХҚКО жаңа мекенжайда жұмыс істейді

93
көрілім

3 қаңтардан бастап Сәтпаев даңғылы 34/2 мекенжайындағы ХҚКО кезекшілік етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған дейін кезекшілікті Қазақстан 99/1 мекенжайындағы ХҚКО атқарған.
- Естеріңізге сала кетейік, кезекшілік ететін халыққа қызмет көрсету орталығының әдеттегіден айырмашылығы -  жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді, - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Арнайы ХҚКО Абай даңғылы, 203/2 мекенжайында орналасқан. Оның жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейіе (түскі үзіліссіз), сенбіде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.