Өскемендік оқушылар «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ришат Шалғынбаевпен кездесті

306
көрілім

Орталық Қалалық Кітапханада елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Өскеменнің 100 есімі» жобасының аясында жастардың «Нұр Отан» партиясының мүшесі, көп жетістікке қол жеткізген бастық – Защита белгі беру және байланыс дистанциясының басшысы – Ришат Шалғынбаевпен кездесуі өтті.

Ришат Қадырұлы – сауатты әрі бастамашыл жұмысшы, талап қоя білетін және жауапкершілігі мол басшы, кәсіби дағдысы мен терең білімі бар өнертапқыш. 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының құрамына кірді.

Ұрпақтың мираскерлігі – қоғам өміріндегі ең маңызды феномен. Адам осылай тарихпен байланыс жасап, тарихи процесске қатысушы болады. Осының арқасында өткеніміз сақталып, ары қарай дамудың векторы анықталады.

Орталық Қалалық Кітапхана «100 жаңа есім» бағдарламасына қатысатын үміткерлерді іздеу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс істеуде. Кітапхана-филиалдардың, жарнама бөлімдердің, өлкетану өкілдерінен жұмысшы топ құрылып, аймақтық үміткерлер анықталады. Аймақтың ең үздік тұлғалары туралы қалалық филиалдарда жастармен кездесулерде айтылады. Ұрпақтың мираскерлігін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де сақтау мақсатында өмірбаяны қызықты, табысқа жеткен қаланың тумаларымен кездесу циклы ұйымдастырылды.