Өскемендік жүргізуші көлігінің қысқы дөңгелектерін ұрлап кеткендігін айтқан

351
көрілім

30 жастағы қала тұрғыны ұрлық фактісі бойынша тәртіп сақшыларына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көлігін дөңгелек жөндеуге әкелген жүргізуші қысқы дөңгелектерін орнатар кезде олардың жоғалғанын байқаған. Көлік иесі дереу полицейлерге қоңырау шалған. Шығын көлемі 100 000 теңгені құрады.

Жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол кінәсін толық мойындаған. Қазіргі уақытта заңбұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.