Полиция қызметкерінің сіздің жеке куәлігіңізді өзімен бірге алып кетуге құқығы бар ма – заңгер жауабы

1157
көрілім

Құқық қорғау органының қызметкерлері азаматтарды түрлі себептермен көшеде тоқтатып жатады. Сол кезде жеке куәлікті сұрайтын кездер де болады. Ал тәртіп сақшысының сіздің жеке куәлігіңізді қайтармай, өзімен бірге алып кетуге құқығы бар ма? Осы сұраққа заңгер Алексей Бажков жауап берді.
- ҚР «Ішкі істер органдары туралы» Заңның 6-бабына сәйкес, полицейлер өз құзыреті шегінде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын және тексеру үшін қажетті өзге де құжаттарды тексеруге құқылы. Заңда жеке куәлікті алып кету құқығы қарастырылмаған. Яғни, полицей сіздің куәлігіңізді өзімен бірге алып кете алмайды, - дейді ол.