Семейде IV облыстық педагогикалық Президенттік оқулар өтті

312
көрілім

Аймақтың 13 колледжі 29 қараша күні Семей қаласында жиналды. Бұл жерде Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің базасында «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты Президенттік оқулар өтті.

Мұндай бағыттағы іс-шаралар Бірінші Президент күнін мерекелеуге орай еліміздің бірқатар облыстарында өткізілді. Жуықта оқулар Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен болатын.

Білім басқармасы ұйымдастырған осы шараға қатысушы жастар Президенттің тұлғасын, оның саясатын түсінуге қадам жасайды. Көшбасшылық қасиеттер қалай қалыптасатынын және де кей кездері елге, Отанға деген сүйіспеншілікпен қатар күрделі шешім қабылдауды үйлестіруге тура келетінін түсіне алады.

Патриоттық сезімді тәрбиелей отырып, облыстық педагогтер Президенттің үлгісінің, оның кәсібилік, мақсатты тұжырымдау туралы сөздерінің бүгінгі жастардың бойында өзінің болашағын жоспарлау қабілетін қалыптастыруға жағдай жасайтынын ұмытпайды.