Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады?

246
көрілім

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі шетелде оқып жатып та азаматтықты ресімдеуге болатынын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың айтуларынша, егер сіз шетелде оқып, жұмыс істеп немесе тұрып ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, соған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ.

- Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:

- өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжат:

- төлқұжатты ауыстыру үшін - ҚР азаматының төлқұжаты;

- 16 жасқа толмаған болса - туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;

- өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;

- шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);

- консулдық төлем түбіртегі.

Қызмет көрсету мерзімі - 80 күнтізбелік күн, - делінген мәліметте.