ШҚМУ-да Тарбағатай ауданының түлектерімен тікелей эфир өтті

391
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемендегі биология кафедрасы Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында кәсіби бағдар беру жұмысын жаңа форматта жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«ZOOM» платформасының негізінде және Инстаграм желісінде тікелей эфир арқылы ұйымдастырылған вебинарға Тарбағатай ауданының түлектері шақырылды.

Тікелей эфирге Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің оқытушылары, Тарбағатай ауданы білім беру бөлімінің басшысы Самал Дәуітбаева және әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нұргүл Құрманғалиева қатысты.

Вебинар барысында мектеп түлектеріне білім беру бағдарламалары жайлы толық мағлұмат беріліп, толғандыратын барлық сұрақтарына жауап берілді.