ШҚО ауылдарында алты жыл ішінде 107 млрд теңгеге су құбыры салынған

1395
көрілім
Шартты сурет

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, 2015 жылы осы бағытқа жеті млрд, ал былтыр 55,2 млрд теңге бөлінген.
- Қаржыландырудың сегіз есеге артқанын байқаймыз. Қазір облыс көлемінде тұрғындардың 96,4 пайызы таза ауызсумен қамтылды. 2015-2021 жылдар аралығында бөлінген 107 млрд теңгеге 288 мың адамға 294 ауылда су құбыры тартылды. Ал биыл тағы 6,8 млрд теңге қаржы бөлу жоспарда бар, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Нақты айтсақ, биыл 34 жоба қолға алынбақ. Ұзын-ырғасы 14 мыңнан астам адам қамтылатын көрінеді.