ШҚО кәсіпкерлері қызмет саласын өзгертті

281
көрілім

Өскеменде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында алғашқы балабақшаның құрылысы бастау алды. Мектепке дейінгі бұл мекеме 250 орынға шамаланған.

ШҚО кәсіпкерлері қызмет саласын өзгертті. Олар енді өз қаражатына коммерциялық қана емес, әлеуметтік маңыздағы нысандарды салады. Осы жылдың өзінде кәсіпкерлер Өскемен және Семей қалаларында 4 балабақшаның құрылысы басталмақ. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың пайымдауынша, бұл үлгіде «бизнес қосымша кірістің мүмкінідігін сезінеді».

— «VKgroup» компаниясы құны 733 миллион теңге болатын 250 орынды балабақшаның құрылысын бастап қойды. Ол біздің «Даму» қорымен бірлскен жобамыз бойынша қаржыландырылады. Бұл жерде, менің ойымша, екі маңызды компонент бар. Біріншісі – бизнес әлеуметтік салаға ауысады. Екіншісі – өзінің ресурстарын сала бастайды. Мемлекеттік-жеке меншік жобаларының тиімділігі айқындалады, — дейді Даниал Ахметов.

Осылайша, ШҚО атқарушы билігі бюджеттен тыс қаражатты белсенді тарту фазасына еніп отыр. Мәселен, бүгінгі таңда Еуразиялық қайта қалпына келтіру және дамыту банкімен 40 млрд. теңгеге келісім-шарт жасалды. Өскемендегі 300 орынды аурухананың құрылысы бойынша жоба да жүзеге асырылуда. Мемлекеттік-жекеменшік жобалары бойынша салынған мектепке дейінгі мекемелер 100 пайыз мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіледі.