ШҚО тәртіп сақшылары қысқы киім үлгісіне ауысты

587
көрілім

Облысымыздың полиция қызметкерлері қысқы киім үлгісіне ауысуына байланысты саптық байқау өткізді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Облыстық ІІД аппаратының қыстық мерзімде қызмет етуге даярлығын Кадр жұмысы басқармасы инспекторлары мен бөлімше басшылары тексерді. Олар әр полицейде жеке нөмірі бар жетондарының, төс белгілері мен қызметтік куәліктерінің бар болуын және нысандық киімнің талаптарға сәйкестігін мұқият қарады, — дейді құзырлы органның баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында облыстық ІІД жол-патрульдік, әкімшілік, криминалдық, көші-қон полициясы және басқа бөлімшелердің қызметкерлері саптық даярлығын көрсетті. Өткізілген байқау жеке құрам қыс жағдайында қызметке әзір екендіктерін дәлелдеді.

Осындай саптық байқау алдағы күндері облыстағы аумақтық полиция бөлімшелерінің барлығында өткізілетін болады.