ШҚО тұрғындары толғандырған сұрақтарына тікелей эфирде жауап алды

549
көрілім

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін арнайы тікелей эфир ұйымдастырды. Партия филиалының фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты  азаматтарға  мемлекет және облыстық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен партияның «Біз біргеміз!» акциясы туралы толыққанды ақпарат берілді.

Тікелей эфирді 200-ден астам адам көріп, тұрғындар тарапынан 100-ден астам сұрақ жолданды. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, басып көпшілігіне нақты жауап берілді. Әсіресе 42500 теңгені алу, әлеуметтік көмектерге қатысты сұрақтар көп болды. Сонымен қатар «Birgemiz» қоғамдық қорынан берілетін 50 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмекке байланысты сұрақтар да көптеп  қойылды. 
Тікелей эфир барысында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков қойылған әр сауалға нақты жауап беріп, кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды.

Жалпы  «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша  2115 отбасыға азық-түлік жеткізілген. Бұл ретте өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, «жасотандықтар» және партия өкілдері айрықша белсенділік таныты. 
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы  Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Семей қалаларының 12419 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.

Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық филиалы тұрғындардың арыз шағымдарын онлайн қабылдауда. 16 наурыз бен 24 сәуір аралығында облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөліміне 1104 өтініш түссе 905  өтініш оң шешімін тапты, қалған  100 ден астам өтініштер бойынша кеңестер берілді.  Алдағы уақытта да азаматтардың сұрақтарына жауап беру мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей эфир ұйымдастырылатын болады.
Тікелей эфир кезінде  Елена Арсен есімді желі қолданушысы өзінің «Birgemiz» қоғамдық қорынан 50 мың теңге көмек алғандығын айтып, алғысын білдірді. Өзгеде желі қолданушылары тікелей эфирді ұйымдастырғаны үшін партияға ризашылықтарын пікір арқылы жазып қалдырып жатты.