ШҚО тұрғыны голландиялық тауық өсіреді

226
көрілім

Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев жуықта осы іспен айналысып жүрген азаматпен тұрғындарға есеп беру кезінде танысқанын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қуат Мамырбаев Алтай ауданына қарасты Никольск ауылдық округі, Кремнюха ауылында тұрады. Қазіргі уақытта голландиялық тауықтар өсірумен айналысады (200 дана). Жемді «Бородино» ЖШС-дан сатып алады, қазіргі уақытта 1 тонна мөлшерінде азық бар.  


- Біреуі 80 теңгеден, өнімділік тәулігіне 100 данаға дейін. Ол тауықтарды ет және жұмыртқа бағытында өсіреді. Қуат Нұржанұлы жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Үшеуі ересек, жұмыс істейді. Үлкен ұлы әскер қатарында, ал кенже ұлы 4-сыныпта оқиды, - деді Ренат Тілеуханұлы.
Алтай тұрғыны енді тауықтардың санын 500-ге дейін жеткізіп, несиелеу бойынша конкурстарға қатысуды жоспарлайды. Шаруашылық жұмысын дөңгелету үшін құстарды ұстайтын үй-жайды жабдықтау қажет. Аудан басшысы мұның ірі қара мал өсіруден гөрі әлдеқайда тиімді болатынын айтты.
Фотосурет аудан әкімінің жеке парақшасынан