ШҚО жастары Президентке бейнеқұттықтау жариялауды жалғастыруда

298
көрілім

ШҚО-да «Ақ тілекпен, Елбасыға!» атты жастардың бейнеқұттықтау акциясы өтуде.

ЖОО-дағы және облыстың ірі кәсіпорындардағы белсенді жастар Президентті және барлық қазақстандықтарды келе атқан ҚР Бірінші Президентінің мерекесімен құттықтап, бейнежазба түсіруде. Бейнеқұттықтаулар республикалық және аймақтық телеарналарды, LED-дисплейлерде, ғаламтор сайтарында, ютуб-арналарында және әлеуметтік желілерде #MeninPrezidentim, #MoiPrezident, #MyPresident хэштегтерімен таратылуда.

Естеріңізге сала кетсек, акция қатысушылары Instagram парақшасы бейнеленген «Ақ тілекпен, Елбасыға!» деген жазуы бар стендтің фонында суретке түсіп, ВКонтакте, Instagram және Facebook әлеуметік желілерінде жариялаған болатын.

Акция 20 қарашада бастау алған Бірінші Президент Күнін мерекелуге арналған он күндіктің аясында жүзеге асырылуда.