ШҚО-да 35 жастағы ер адам іздестірілуде

436
көрілім

Облыс орталығындағы еріктілер бір ай бұрын жоғалған Глубокое ауданының тұрғынын іздестіруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Volontery_uka_LIDER.KZ еріктілер ұйымының ақпаратына сенсек, Глубокое ауданындағы Предгорное ауылының тұрғыны Абдрахманов Тимур Тілеубекұлы 1984 жылы туған. Ер адам 31 қазан күні  үйден шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

Тимурдың ерекше белгілері: дене бітімі арық, бойы 180 см-ге жуық, көзі, шашы қара және шаш үлгісі қысқа.

Жоғалған күні жасыл түсті спорттық киім, аяғына галош киген.

Хабарсыз кеткен ер адам жайлы қандай да бір ақпарат шықса 8-771-466-54-38 немесе «102» арнасына қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.