ШҚО-да алдағы екі жылда 346 көпқабатты тұрғын үй салынбақ

484
көрілім
Фотосурет ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстан облысында алдағы екі жылда 346 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр, -деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда өңір бойынша жалпы аумағы 504,7 гектарды құрайтын 287 жер телімі бар.

– ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жобалық-сметалық құжаттама мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру үшін 2019 жылы - 210 млн теңге, 2020 жылы - 266 млн теңге бөлуді тапсырамын, – деді облыс басшысы Даниал Ахметов.

Өскемен қаласындағы 8, Семейдегі 10, Аягөз ауданындағы 5 тұрғын ауданға үй салу жоспарланып отыр. Курчатов қаласына 42 га аумаққа, Зайсанда 3 тұрғын ауданына жалпы көлемі 300, Зырянда 52 жер теліміне тұрғын үй құрылысын бастау қарастырылған. Сондай-ақ, Қасым Қайсенов кентіне – 393 жер теліміне, Шемонаиха ауданына – 85 жер теліміне көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.