ШҚО-да аңшылық маусымы қай уақыт аралығын қамтиды?

752
көрілім
Шартты фотосурет

Әр ауылдың өзінің бір тісқаққан аңшысы, мылтығын кезеніп, нысана көздегенде басым жағдайда мүлт кетпейтін мергендері болады. Дегенмен қаруым бар деп аң аулаудың қызығына кіріп, рұқсат қағазынсыз инспекторлардың құрығына түсіп қалып жатқандары да аз емес. Бірі білместікпен сан соғып жатса, өзгесі жазықсыз жануардың жараланғанына қос жанары қанталап, шектен шығып жатады. Мұндайда аңшылық маусымының қай уақыт аралығында болатындығы, заңнан аттағандарға қандай жаза қарастырылғандығы туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік. Мәліметтер ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ең алдымен әлеуметтік желіге қосылу мүмкіндігі бар тұрғындар қажет ақпараттарымен таныс бола алады. Нақты айтсақ, Instagram парақшасында «Vkoinspekcialesa» деген топқа кірсе аңшылық маусымның қашан басталып, қай уақытта аяқталатынын білуге мүмкіндіктері бар. Комитет директоры Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, аңшылық қағидасын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің 382-бабымен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қаруы барларға ортақ сауал «Аң аулау үшін қандай құжаттар болуы тиіс?»

– Аңшыда аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге жеке тұлғаларға берілген рұқсат және жыртқыш құстармен аң аулаған кезде аушы жыртқыш құстың төлқұжаты болуы қажет, – дейді Ділдәбек Тәжібайұлы.

Бұл ретте жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатты аңшылар шаруашылығы субъектілерден сатып ала алады. Ал жабайы жануарларды заңсыз олжалағаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген.

 

АЕК мөлшері

Әкімшілік жауапкершілік

1

Егер жабайы жануарды заңсыз аулап, қоғамға келтірілген залал мөлшері 100 АЕК көрсеткіштен аспаған жағдайда

ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабымен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке

2

Жабайы жануарды заңсыз аулап, келтірілген залал мөлшері 100 АЕК көрсеткіштен асқан жағдайда

ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке

3

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген немесе құрып кету қаупі бар жануарларды заңсыз аулаған кезде

ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікке тартылады

 

Енді аң аулауды өткізу мерзімдеріне тоқталайық. Аумақтық инспекциядағылар су тышқанынан суырға дейін, бөденеден қырғауылға дейін, сондай-ақ қоңыр аюдан құндызға дейін аңшылық мерзімімен бөліскен екен. Өңір көлемінде жиі кездесетін аң-құстарды сурет арқылы ұсынуды жөн көрдік.

Суырлар – 15 маусымнан бастап ұйқыға кеткенге дейін

Бөдене, кептер, түркептер – 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Маймаққаз, қаз, қарашақаз, үйрек, қасқалдақ – қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз – 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Шіл (аққұр, дала шілі, сақалды шіл) – қыркүйектің алғашқы сенбісінен 15 қарашаға дейін ((ауламайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)

Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа) қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30 қараша аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгі аулауға 15 сәуір-15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі

Борсық – қыркүйектің алғашқы сенбісінен 31 желтоқсанға дейін

 

Аң-құстар

Аңшылық мерзімі

1

Ондатра

1 қазан – 15 ақпан

2

Тиін

20 қазан – 15 ақпан

3

Жанат тектес ит, қарсақ, түлкі, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақкіс, сары күзен, сасық күзен, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), сілеусін (түркістандықтан басқасы), қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян)

1 қараша – 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау аймағында 15 қазаннан бастап аулау)

4

Зорман (сары тышқан)

Қысқы ұйқыдан тұрғаннан бастап – 30 сәуірге дейін

5

Шалшықшылар, жылқышы

1-шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз – 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі

6

Құр

Қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша (аталық құрларды көктемгі аулауға 1 наурыз – 5 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

7

Марал, қабан, бұлан

1 қыркүйек – 31 желтоқсан

8

Сібір елігі

20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығын 1 тамыздан бастап)

9

Саңырау құр

1 қазан – 30 қараша аралығында аталықтарын көктемгі аулауға 1 наурыз – 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі

10

Кекілік, Гималай ұлары

1 қазан – 15 желтоқсан

11

Құндыз

15 қазан – 31 желтоқсан

12

Қырғауыл

15 қазан – 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап)