ШҚО-да ауылдардағы медицинаны жаңғыртуға 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

545
көрілім

Бұған облыстық бюджеттің параметрлерін нақтылау үшін биылға арналған республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер көлемінің өзгеруі негіз болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ұсынған деректерге сәйкес денсаулық сақтау саласына түсімдер ұлғайтылды.

– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін салуға мен реконструкциялауға 2 млрд 992,8 млн теңге сомасына ұлғайту көзделген. Бұған Ұлан және Күршім аудандарында бес, Глубокое ауданында екі, Шемонаиха ауданында бір және Тарбағатай ауданында алты медициналық пункт кіреді. Сондай-ақ сол жоба шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 1 млрд 270,3 млн теңге бөлінгенін айта кетуге болады, – деді Фархад Белбеев.

Бұдан бөлек, 4 млрд 679 млн теңгеден астам сомаға көлік инфрақұрылымын дамытуға трансферттер ұлғайтылды. Бұған қаладағы Жібек жолы көшесінен «Өскемен-Алматы» бағытындағы автомобиль жолын қайта жаңарту сияқты жобалар енді.

Білім беру саласында мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді (847,8 млн теңге), сонымен қатар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін (457,6 млн теңге) ұлғайтуға қосымша қаражат бөлінбек.

Жалпы, бюджетті нақтылау шеңберінде жалпы сомасы 39 млрд теңгеден астам ұлғайту көзделген.