ШҚО-да аяз сақталады

281
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін Солтүстік антициклон жотасының ықпалынан еліміздің басым бөлігінде аяз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарның кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Синоптиктер түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болатынын ескертуде.