ШҚО-да балалар, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған сенім қызметі жұмыс істейді

60
көрілім
Фото: ivona.ua сайтынан

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының хабарлауынша, өңірде сенім қызметі - тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

  Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға тегін шұғыл психологиялық, заңгерлік көмек көрсету бойынша сенім телефоны іске қосылған. Облыста өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығының 8 (7232) 26-68-92, 8 -707-907-33-50 нөмірлері бар сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігі күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз және демалыссыз қоңырауларды қабылдайды, оның мақсаты консультациялық және ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсету, халықты әлеуметтік және құқықтық қорғау орталықтарын құру болып табылады. Байланыс нөмірі: 8-707-662-95-13. Сонымен қатар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін ШҚО ББ - 8 (7232) 700- 800 бірыңғай Call-орталығы жұмыс істейді, деп хабарлады ведомстводан.