ШҚО-да балаларға арналған қандай жазғы демалыс лагерьлері бар?

1029
көрілім
Жаз келісімен ата-аналар баласының жазғы демалысын ұмыт қалдырмауға тырысады. Осы ретте оқырманымызға пайдалы болар деген үмітпен Бұқара.кз порталы Шығыс Қазақстандағы балаларға арналған жазғы демалыс лагерьлері туралы ақпаратты ұсынады.

Лагерьге баланы орналастыру үшін қандай құжаттар керек?

Құжаттар мемлекеттік қызмет стандарты негізінде білім беру ұйымдарында жинақталады. Осы стандартта қызмет алушының жүгінуі кезінде тегін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі ұсынылған:

1) өтініш;

2) қызмет алушының тұлғасын кәуландыратын құжат (ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің тұлғасын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс туылған жағдайда, туу туралы куәліктің көшірмесі;

4) мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар санат үшін жергілікті атқарушы органдарымен ұсынылатын мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек алушыларға қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама;

5) қызмет алушының (отбасының) алған табыстары жөніндегі құжаттар (мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққанда орташа өмір сүру табыс ең аз шамасынан төмен отбасылардан (еңбекақы, ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың кәсіпкерлік және қызметтің өзге түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және асырауындағы өзге адамдарға алимент түріндегі табыстар);

6) жетім-балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

7) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру, сонымен қатар қаржы және материалдық көмек көрсету жөнінде шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп маңындағы лагерьлерге демалыс ұсынуға тегін жолдамаларды беру туралы білім беру ұйымдарының ұжымдық органы шешімінің көшірмесі;

9) психология-медицина-педагогикалық кеңес беретін медициналық қорытындысының көшірмесі – ерекше білім қажеттіліктері бар балалар үшін;

10) флюротүсірілімі, баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ