ШҚО-да "E-Salyq Business" мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілді

253
көрілім

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап "E-Salyq Business" мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілген.

Қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, чектер беруге, кірістер тізілімін қалыптастыруға және салық және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді қосымшамен автоматты түрде есептеу үшін қызметкерлердің кірістерінің есебін жүргізуге және оңайлатылған декларацияның тиісті жолдарын толтыруға мүмкіндік береді. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер «e-Salyq Business» мобильді қосымшасының пайдаланушылары бола отырып, патент құнының есеп-қисабын ұсынудан және табыс алғанға дейін алдын ала (аванспен) салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босатылады.

Қосымша «Play Market», «App Store»  және «App Gallery» алаңдарында қолжетімді.

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді.