ШҚО-да кезекті қару-жарақ арсеналы тәркіленді

440
көрілім

Қыркүйек айының 1-нен бастап өткізіліп жатқан «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Риддер тұрғынынан қару-жарақтар тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ведомствода хабарлағандай, әртүрлі қару-жарақ 46 жастағы тұрғынның үйін тексеру барысында анықталған. Онда:

1) дыбыс тұншықтырғышы бар 9 мм калибрлі қолдан жасалған жауынгерлік тапанша;

2) «Макаров» тапаншасынан 9 мм калибрлі 23 патроны;

3) 7,62 мм калибрлі Калашников автоматы және 72 патрон ;

4) «ППШ» атысты имитациялайтын автомат;

5) «ТТ» маркалы атысты имитациялайтын тапанша;

6) атысты имитациялайтын «Тирэкс» маркалы тапанша-пулемет;

7) Ф-1 оқу гранатасы, сондай-ақ пневматикалық қарудың екі бірлігі болды.

Жауынгерлік қарумен қатар ер адамнан алынған атысты имитациялайтын қару-жарақ атыс қаруы ретінде қайта жасалып, заңсыз әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін екендігі атап өтілді.

Қазір тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.

- Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциялары 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов