ШҚО-да қоғамдық бірлестік өкілдері жобалардың іске асуын бақылауда ұстайды

257
көрілім

 Шығыс Қазақстанда қоғамдық ұйым және үкіметтік емес ұйымдар аймақта іске асып жатқан жобаларды қадағалап, бақылауда ұстайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

         Бұл жайлы ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың ҚР Адам құқығы жөніндегі ШҚО бойынша уәкілі Серік Мизанбековпен кездесуі барысында айтылды.

  • Іске асып жатқан кез-келген мемлекеттік жоба қоғамның назарында болуы шарт. Сондықтан бұл салада қоғамдық ұйымдармен жұмыс жасауға әзірміз, – деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ, Адам құқығы жөніндегі уәкіл Серік Мизанбековтың айтуынша, жуық арада облыста аймақтық кеңес құрылады. Кеңес құрамына әкімдік басқармаларының басшылары мен қоғам белсенділері кіріп, ірі жобаларды қадағалауға алады.