ШҚО-да көктайғақ болады

329
көрілім
Шартты фотосурет

Қазгидромет мәліметінше, ел бойынша бүгін жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болып, солтүстік жартысында бұрқасын соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қостанай облысында желдің күші - 15-20 м/с, батыста, солтүстікте екпіні - 25 м/с жетеді, батыста, солтүстікте - жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында – тұман түседі деп болжануда.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, екпіні 15-20 м/с жел, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Павлодар облысында жолдарда көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында – бұрқасын, жолдарда көктайғақ түсіп, батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.