ШҚО-да көктайғақ күтіледі

247
көрілім
Шартты фотосурет

Солтүстік-батыс циклон әсерінен республика аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың оңтүстігінде антициклон жоталарының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп болжануда.