ШҚО-да көктайғақ күтіледі

392
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 25 м / с, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі, жолдарда көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.