ШҚО-да құтқарушылар «Ұлттық киім» күнін атап өтті

99
көрілім
Фото сурет ШҚО ТЖД

18 наурызда елімізде «Ұлттық киім» күнін атап өтуде. Мерекеге орай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жұмысқа ұлттық киім үлгісінде келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Диспетчерлер, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері, кадр қызметінің қызметкерлері, құтқарушылар және мемлекеттік өрт бақылау инспекторы бүгін жұмыс күніне өзгеріс енгізді. Қазақы нақыштағы бешпеттер, күртелер және дәстүрлі ұлттық өрнектері  бар киімдер киіп, ұлттық нақышты қолдады.


Мекеме арулары болса әдемі қазақы нақыштағы көйлектермен көздің жауын алатын әшекей бұйымдар тағып, қызметкерлерді тәнті етті.


- Ұлттық киім адамның сыртқы сұлулығын ғана емес, бай-рухани әлемін, өз халқына деген сүйіспеншілігін бейнелейді, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Айдын Мустафин.