ШҚО-да құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

2751
көрілім

Шұғыл көмек Марқакөл өңіріне қарасты Қайнарлы ауылының тұрғынына қажет болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еске сала кетейік, қалың қар салдарынан жолдар жабылып, Күршім ауданы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді. Осы ретте Қайнарлы ауылында тұратын жүкті әйелді ауруханаға жеткізу үшін облыстық ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы аттанды.
Құтқарушылар "Шерп" деп аталатын арнайы көлікпен шыққан. Олар қасат қарды бұзып-жарып, жолды жеті сағатта еңсерді. Нәтижесінде, жүкті әйел Марқакөл ауылындағы ауруханаға аман-есен жеткізілді.