ШҚО-да неліктен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы алты күнге ғана беріледі?

349
көрілім
Шартты фотосурет

Бірде-бір рет уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алып көрмеген адам некен-саяқ шығар. Алайда бірер уақыт жұмыстан тынығып алудың қамын ойлап, уақытша науқастану туралы парақшасын алудың да еш жөні жоқ. Себебі кейін алма-кезек ақ халаттылардың кабинетіне барып, сергелдеңге түсесіз. Пациенттер уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту үшін күн сайын учаскелік дәрігерге жүгінулері тиіс. Сонда емделуге бір апта уақыт берілсе, ауруханаға мұншалықты жиі барудың қажеті қанша? Демалыс күндері дәрігерге баруға мүмкіндік болмаса не істеу қажет? Ақ халаттыларға ауырған баланы бірге ертпей-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін баруға бола ма? Аталған сауалдарға жауап іздеп көру үшін ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның пікірін біліп көрген едік, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Маған дүйсенбі күні ЖРВИ-ге қатысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашып, келесі дәрігерге қаралуды сәрсенбі күнге қою түсініксіздеу болып көрінеді. Қажетті антибиотиктерді бес күн бойы қабылдауға берген болатын. Ойлап қарасақ, бас-аяғы үш күн ішінде жазылып кетуім мүмкін бе?

Дана

– Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы бақылау уақыты бар. Аталған парақты беру, мерзімін ұзартып-жабу Денсаулық сақтау және ҚР Әлеуметтік даму министрлігінің «Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын жүргізу Ережелерін бекіту туралы» бұйырығымен белгіленді. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы үш күнге (тұмауы асқынған кезде, ЖРВИ – 6 күн) жалпы ұзақтығын есептегенде алты күннен көп емес мерзімге беріледі. Аталмыш парақты ұзаққа создыру медициналық мекеменің бөлім меңгерушісімен бірлесіп жүзеге асырылса, жиырма күнтізбелік уақыттан асқан жағдайда дәрігерлік-консультативті комиссия қорытындысы негізінде іске асырылады.

– Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасы мерзімін ұзартуды науқас пен оның денсаулық жағдайы жазылған тізімді қарап болған соң дәрігер орындайды. Адамның өзін қалай сезінуі жайлы тексеру мен талдау нәтижесі кейін оны жұмыстан ұзақ мерзімге босатуға негіз болмақ. Тиісті бақылау жүргізу адам бойындағы өзгерісті тезірек байқау үшін, оның ішінде, жағдайдың оңалуын қолдап, денсаулықтың нашарлауын болдырмау үшін қажет. Осы орайда, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту үшін пациент дәрігер бекіткен уақытта қабылдауға барып тұруы тиіс.

Баламның денсаулығы дімкәс. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жиі алуыма тура келеді. Емханаларға жиі бару салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын создыру кезінде баламның жағдайы одан әрмен нашаралап кете ме дегенде зәре жоқ. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту үшін ауруханаға баламды апармай-ақ баруыма бола ма?

Алуа

– Науқас баланың күтіміне қарай уақытша еңбекке жарамсыздық парағын создыру үшін баланы медициналық тексерістен өткізу міндетті, тиісінше үнемі өзіңізбен алып келуіңіз керек.

Кейде ауырып қалған қызыма қарау үшін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алсам кезекті дәрігер қабылдауын сенбіге белгілейді. Баламның өзін жайсыз сезініп тұрғанын байқап тұрсам да ауруханаға апардым. Қызымды үйге тастап тағы бара алмаймын, себебі дәрігер балаға медициналық тексеріс жүргізген соң ғана уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзартады. Демалыс күндері дәрігерді үйге шақыруға да мүмкіндік жоқ. Дәрігер қабылдауына бару мен міндетті қаралу күні болып бекіген демалыс күндерін (сенбі) басқаша үйлестіруге бола ма?

Саяжан

– Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған ата-ана сенбі күнгі қабылдауға баланың өзін жайсыз сезінуіне байланысты бара алмайды, бұл ретте учаскелік медицина қызметкерлерімен телефон немесе ұялы байланыс арқылы (тек кезекші дәрігерлердің амбулаториялық қабылдау қамтамасыз етілген болса) хабарласып, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту мәселесін реттей алады

Сырқаттанған күндері дәрігердің сенбі күнгі қабылдауына өзіңді жайсыз сезінуіңе байланысты бара алмай қалсаң дәлел ретінде «Жедел жәрдем» бөлімшесінен анықтама қағазын алып бару қажет деп естідім. Сонда расымен де ауырып қалғаныңды дәлелдеу үшін жедел жәрдем көлігін шақырту міндетті ме?

Дастан

– Егер сенбі күні пациент жағдайы шұғыл медициналық тексеруді қажет етсе онда дереу жедел жәрдем қызметкерлерін шақырту қажет. Ал жоғарыда аталған көмек қажет болмаса, науқас тексерілуге барып, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту мәселесін біржақты етуі тиіс. Қойылған талап осындай. Ережеге сәйкес, әдетте емдеуші дәрігер өтініш берген сәтте уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту демалыс күндеріне сәйкес келеді. Режімді бұзу тәуекелдерін болдырмау үшін учаскелік мамандар назарын осы мәселенің алдын алуға аударған жөн.

Жуырда ғана уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзарту үшін дәрігерге белгіленген уақытында бара алмаса, режім бұзылды деп жазылатынын естідім. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағындағы режімді бұзғаны туралы жазбаның келтірер кедергісі қандай?

Бауыржан

– Режім бұзылғаны туралы факті тіркеліп, келесі тексеріс кезінде сырқат белгілері сақталған жағдайда дәрігер уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұзартады. Дегенмен уақытша еңбекке жарамсыздық парағын өткен күндерді есепке алмай ұзартуға болады. Егер режім бұзу фактісі тіркеліп, кейін тексеріс кезінде науқас дені сау болса «жұмысқа шығу» жолағында «еңбекке жарамды» деп жазылады. Мұндай жазба жұмыс берушіге сол адамның жұмыс күндерін себепсіз босатқандығын түсінуге мүмкіндік береді. Оған қоса, науқастың уақытша еңбекке жарамсыздық режіміне немқұрайлы қарауы жауапты дәрігерге де кеселін тигізбей қоймайды. Арагідік адамдардың режім бұзылғаны туралы жазбау жөнінде өтініш айтатын кездері де болады. Алайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізсіз берілді десе немесе дәрігер тарапынан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру кезінде қателік кетсе, онда ҚР Еңбек кодексіне сәйкес дәрігерге тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады.