ШҚО-да оқушылардың кәсіби бейімділігін анықтайтын он-лайн тестілеу жүргізетін мобильді топ жұмыс істейді

292
көрілім

Шығыс Қазақстанда облыстың жас жеткіншектеріне болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін мобильді топ жұмыс істейді. «Стенд Моб» тобы білім басқармасы мен облыстың техникалық және кәсіби білім беру мен кадрларды даярлау орталығы ұйымдастырып отыр.

«Стенд Моб» мобильді тобының маршруты өз жұмысын Жаңа Бұқтырма кентінен бастады. 7-11 сынып оқушылары мен жұмыссыз жастар көптеген ақпарат алады, себебі аталмыш топ техникалық жағынан аппартурамен, стендтермен, үлестірілетін материалдармен қамтылған. Кәсіби бағдарлық жұмыс диалог алаңы форматында өтеді. Оған 35 мектептен 2729 оқушы және 150 жұмыссыз жастар мен 763 ата-ана қатысып үлгерді.

Бұл іс-шараға аймақтың 13 колледжі мен 3 ЖОО қатысты. Жастарға аймақтағы сұранысқа ие кәсіптер туралы толық ақпарат ұсынылды. Колледждердің ғимараттарында адамдар кәсіби бейімділігін анықтау үшін он-лайн тестілеуде өтіп, ғаламтор арқылы алдын ала бейінді даярлау курстарына жазыла алады.

«Білікті маман» жобасының осы бағыты «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқанын еске саламыз.