ШҚО-да Сағадат Нұрмағамбетовтің мерейтойына орай челлендж өткізіледі

86
көрілім
Фотосурет E-history.kz сайтынан

Аталған шара 11 наурыздан 25 мамырға дейін әлеуметтік желілерде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойына биыл ерекше атап өтілмек.
Челлендждің мақсаты - Сағадат Нұрмағамбетовтің мерейтойына назар аудару, оның тарихқа қосқан үлесін атап өту. Белгілі тұлғалар, мемлекеттік орган басшылары, қоғам қайраткерлері, тарихшылар, әртістер, ҚР ҚК ардагерлері, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, жастар Instagram, TikTok әлеуметтік желілерінде С.Нұрмағамбетовтің маңыздылығы туралы пікірімен және оның шығармаларынан үзінділерді оқиды («Мой передний край», «Лицом к огню», «От огненных лет до суверенной армии», «А в памяти нет тишины»).