ШҚО-да тұман күтіледі

636
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Оңтүстікте сондай-ақ найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз-желдің күші 15-20 м/с артады.