ШҚО-да учаскелік полицейлер әр пәтер мен аулаларды аралауды бастады

766
көрілім
Фотосурет - 7kun.kz сайтынан.
10 қыркүйектен бастап өңірімізде «Учаске» тақырыбымен жедел-алдын алу шаралары басталды. Яғни учаскелік инспекторлар әр пәтерді, әр ауланы аралап тұрғындар туралы мәліметтерді жинауға кіріседі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел алдын алу шараларына ішкі істер органдарының барлық бөлімшелері мен Ұлттық Ұлан тартылады.

– 1 желтоқсанға дейін учаскелік полиция инспекторлары басқа қызмет мамандарымен жұмысшыларымен бірлесе отырып тұрғындар туралы ақпарат жинау үшін өздеріне қарасты аумақтағы әр пәтерді, әр ауланы араламақ, – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі. – Саяжай аумақтары, базарлар, құрылыс нысандары мен жалға берілетін үй-жайлар да тексеріледі.

Сонымен қатар, тіркеуде тұрған және азаматтық қарулары бар адамдар да тексеруден өтеді. Полицейлер аталмыш шараға тұрғындардың түсіністікпен қарауларын сұрайды.

Бұдан басқа 12-16 қыркүйек күндері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шаралары өткізіліп, тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін бұзу әрекеттерін анықтайтын болады.