ШҚО-да «Үміт» Балалар үйінің тәрбиеленушілері аймақтың тарихымен танысты

308
көрілім

Облысымызда «Рухани жаңғыру» МБ жүзеге асыру аясында Өскемен қаласындағы «Үміт» Балалар үйінің тәрбиеленушілері Зырян, Зайсан және Глубокое аудандарының тарихымен, табиғаты және мәдениетімен танысып, көшпелі концерттер қойды.

Глубокое ауданындағы концертті балалар үйін танытқан «үміттіктер», «Х-Фактор» конкурсының жеңімпазы Евгений Выблов әнмен ашып, концерттің толық жүргізушісі болды. Сондай-ақ, концертке «Ты супер!» атты ресейлік жобаның қатысушысы Влад Лоскутов пен басқа да көптеген ән ансамбльдері мен топтары қатысты.

— «Үміт» Балалар үйін шығысқазақстандық жұлдыздар фабрикасы деп айтса да болады. Бұл жерден өте дарынды және зерек балалар тәрбиеленіп шығады, олардың жетістіктеріне барлығымыз куі болып отырмыз. Бүгінде Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында біздің үміттік достарымыз ауданымызға концертпен келіп отыр. Сенбі күні оларға Достық кереуені жіберіледі. Осындай игі істер арқылы біз қоғамдық сананы бірге жаңарта аламыз, бұл кішкене балалар отанына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықтың айқын үлгісін көрсетіп отыр, — деді ШҚО Глубокое ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов.

Балалар аудандар мен жерлерді аралау кезіндегі алған әсерлерімен қуана бөлісуде.

— Барлық аудандарда бізді аса қонақжайлылықпен қарсы алды, ол үшін алғыс айтамыз. Зыряндағы мұражайды көріп қайттық, Зайсанның тарихымен, мәдениетімен таныстық, табиғат зерттеушілерінің клубын, жылыжайларды және басқа да көптеген танымдық орындарды көрдік. Енді өз шығармашылығымызбен Глубокое ауданының тұрғындарын тәнті еткіміз келеді, — дейді тоғызыншы сынып оқушысы, балалар үйінің тәрбиеленушісі Әйгерім Тұрғамбаева.