ШҚО-да жаяу бұрқасын күтіледі

430
көрілім
Шартты фотосуреттер

Бүгін солтүстік және оңтүстік циклондар жыраларының және соған байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен республиканың басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын соғады, оңтүстікте көктайғақ болуы ықтимал. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалынан күн райы ашық болады.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсуі мүмкін.