ШҚО-да жаяу бұрқасын соғады

399
көрілім

Фронттардың әсерінен республиканың кей жерлерінде қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (көбіне қар түрінде) болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мамандар тек еліміздің батысында ғана күн ашық болады деп болжауда.

Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстікте көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.