ШҚО-да жел екпіні күшейеді

259
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронттардың салдарынан шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі.

Алматы облысының батысында желдің жылдамдығы 20-25, екпіні 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының таулы аудандарында күн күркіреп, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының таулы аудандарында күн күркірейді, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.