ШҚО-да жел екпіні күшейеді

434
көрілім
Шартты фотосурет

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы – жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы ықтимал

Синоптиктер болжамынша, күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай ойнап, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының батысы, солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.