ШҚО-да жол апатынан бір адам қаза болды

236
көрілім

8 қаңтарда Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының 44-ші шақырымда жол апаты болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Lada Granta мен Mercedes Sprinter көліктері соқтығысты. Соның салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
КР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда