ШҚО-дағы ХҚКО-ларда QR-коды бар стенд ашылды

443
көрілім

Енді өңірдегі әрбір ХҚКО-да Азаматтарға арналған үкімет филиалы директорының, оның жұмысты ұйымдастыру жөніндегі орынбасарының QR-коды бар стенд ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сондай-ақ QR-кодты PR-менеджердің ресми аккаунттарына сілтеме жасай отырып та пайдалануға болады. Мамандардың айтуынша, әр тұрғын код арқылы өтіп, директорға немесе оның орынбасарына жеке хат жазып, пікір немесе шағым қалдыра алады.

Сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату үшін сенім телефоны бар.

– Сіздерге қызмет алуда ыңғайлы жағдай қалыптастыру, көрсетілетін қызметтердің оңтайлануына септігін тигізу мақсатында шығысқазақстандықтармен әрдайым байланыста боламыз, – деп атап өтті филиалдың баспасөз қызметі.