ШҚО-дағы көші-қон ахуалы қандай?

435
көрілім
ru.sputniknews.kz

Шығыс Қазақстан облысынан басқа елге қоныс аударып жатқандар да, шет мемлекеттен біздің өңірге көшіп келгендер де бар. Шығыс Қазақстан облыстық Статистика департаменті, Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының бас маманы Светлана Гениттенованың мәліметіне сүйенсек, 2018 жылғы жағдай бойынша аймақ халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 6 мыңға азайған. Жалпы, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында басқа өңірге көшкен шығысқазақстандықтар саны – 26,2 мың адам, ал көшіп келгендер саны – 12,1 мың адам. Сіздердің назарларыңызға шет елдерден көшіп келген немесе сол жаққа қарай қоныс аударған тұрғындар санын ұсынбақпыз.


 

Мемлекет атауы:

Көшіп келгендер

Көшіп кеткендер

Көші-қон сальдосы

1)

Қытай

92

7

85

2)

Моңғолия

36

-

36

3)

Германия

17

124

-107

4)

Түркия

-

1

-1

5)

Израиль

-

5

-5

6)

АҚШ

-

6

-6

7)

Басқа елдер

24

11

13

 

Барлығы

169

154

15

 

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ